Сэмюэл Морзе
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сэмюэл Финли Бриз Морзе (ағылш. Samuel Finley Breese Morse; 27 сәуір 1791, Чарлзтаун, Массачусетс штаты— 2 сәуір 1872, Нью-Йорк) — американдық өнертапқыш және суретші. Ең танымал өнертабысы электромагниттік жазатын телеграф («Морзе аппараты», 1836) және Морзе коды.
Сэмюэл Морзе 34 жасына дейін суретші болған және техникамен мүлде айналыспаған. 1825 жылы Сэмюэлге өз әйелінің ауыр науқастанып жатқаны жайлы әкесінен хат келеді. Морзе тездетіп, Вашингтоннан Нью-Хейвенге асығады. Дегенмен, үйіне жеткенге дейін әке-шешесі оның әйелін жер қойнауына жіберіп үлгерген болатын. Осы жағдай Морзені көп толғандырады. Морзе жылдам хабарламаларды жеткізудің жолын табу мақсатында, физикаға үңіліп, 1838 жылы телеграфты ойлап табады. Сосын Морзе әліппесін де құрастырады.
Сэмюэл Морзе | |
Samuel Morse | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Қызметі |
өнертапқыш және суретші |