Сіріңке
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сіріңке – бір жақ ұшына оңай жанатын қоспа жағылған жіңішке ағаш таяқша (шырпы). Сіріңке қорабына жағылатын қоспа құрамында қызыл фосфор, күкіртті сүрме, темір жосасы, пиролюзит, тері желімі, бор, декстрин және гуммитрагант болады.[1]
Жалын температурасы ағаштың тұтану температурасына сәйкес келеді, ал ағаштың жану температурасы шамамен 800-1000 °C. Сіріңке басының жану температурасы 1500 °C дейін жетеді.