Теннистен Францияның ашық біріншілігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Теннистен Франция ашық біріншілігі (фр. Les Internationaux de France de Roland Garros; Ролан Гаррос деген атаумен де танымал) — жыл сайын Франция астанасы Парижде мамырдың соңы мен маусымның басы аралығында өтетін, Үлкен дулыға турнирлері қатарына жататын, ауқымы жағынан өте ірі әрі теннис әлеміне ықпалы жоғары турнир. Уақыты жағынан "French open" мэйджорлардың ішінде екінші болып өтеді (қаңтардағы "Australian open" жарысынан кейін). Бұл жарыстың барлық ойындары Франция астанасындағы «Roland Garros» теннис комплексінде болады. Жарыс ойындары екі аптаға жуық уақыт ойнатылып, тоғыз түрлі санатта жеңімпаздар анықталады: бесеуі — ересектер, төртеуі — жастар арасында.
Турнир ұйымдастырушылары — Франция Теннис Федерациясы. Теннис алаңдарындағы барлық корттар грунтты корт болып саналады.