Тукаши дельфині
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тукаши дельфиндерінің жотасында көк, қара түсті жолақтары бар, ал кеуде тұсы - аппақ. Кейде ақшыл қызыл болып келеді. Тукаши дельфиндері шаяндармен, жұмсақ бунақденелілермен, асшаяндармен және балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ дельфиндерді де жейді. Ауыз қуысының үстіңгі және астыңғы бөліктерінде 25-35 тісі болады. Олар 10-15-тен топтасып тіршілік етеді. Олар топ болып жүргенде, өз қорегін тез ұстай алады. 3-4 дельфин балықтарды бір жаққа айдай бастайды, қалғандары тор ұстап тұрғандай, бір жағында күтіп тұрады. Тукаши теңіз дельині Оңтүстік Америка теңіз жағалауларын және теңіз шығанақтарын мекендейді. Ғалымдардың пайымдауынша, дельфиндердің бұл түрі теңізде 30 жыл, ал өзен арнасында 35 жылға дейін өмір сүре алады. Бұл дельфиндердің майын адамдар емдік мақсатында пайдаланады.[2]
Тукаши дельфині | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Дерегі жетіксіз
(IUCN) [1]
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Sotalia fluviatilis (Gervais & Deville, 1853) | ||||||||||||||