Тупак Шакур
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тупак Амару Шакур (ағылш. Tupac Amaru Shakur), MC New York, 2Pac және Makaveli деген лақап атымен де танымал; туған кездегі аты Лесэйн Пэриш Крукс, ағылш. Lesane Parish Crooks; 16 маусым 1971 жыл, Гарлем, Нью-Йорк – 13 қыркүйек 1996 жыл, Лас-Вегас, Невада) — әйгілі америкалық рэп әншісі, киноактер және қоғам қайраткері[1]. Тупак 75 миллионнан астам альбомын сатқан, осы көрсеткіші бойынша (өнімдерінің әлемде сатылымы) әлемдегі бірінші орындағы музыканттардың бірі болып есептеледі[2]. Rolling Stone журналы «Әлемнің барлық кездегі 100 ұлы орындаушылары» атты тізімінде Тупакты 86-шы орынға қойған[3].
Тупак Шакур Tupac Shakur | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Lesane Parish Croocks |
Толық аты |
Tupac Amaru Shakur |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
13 қыркүйек 1996 (1996-09-13) (25 жас) |
Қайтыс болған жері |
Лас-Вегас |
Белсенділік жылдары | |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
рэпер, актер, музыкалық продюсер |
Жанрлары |
батыс жағалауының хип-хопы, хардкор хип-хоп, гангста-рэп |
Лақап аттары |
MC New York, |
Ұжымдары |
Digital Underground, Thug Life, Outlawz |
Қызметтес болған |
Live Squad, The Notorious B.I.G., Eazy-E, Big Syke, Yaki Kadafi, Hussein Fatal, E.D.I., Dr. Dre, Snoop Dogg, MC Breed, Richie Rich, Napoleon, Young Noble, Method Man, Redman, Ice-T, Boot Camp Clik, Nate Dogg, Elton John, Ice Cube, Big L, Stretch, Pogo, C-Bo, Big D, D-Shot, E-40, Natasha Walker, Danny Boy, B-Leigh |
Лейблдері |
Interscope, Out da Gutta, Death Row, Makaveli, Amaru, Koch |
Ресми сайты |
1996 жылы қайтыс болған, өлтірген адамдар әлі күнге дейін табылмаған.
Оның әндерінде көбінесе расизм туралы, геттодағы өмірдің ауыр кезеңдері, кедейшілік, зорлық зомбылық, қоғамдық өмірдегі қақтығыстар жайлы айтылады. Қоғамдық қызметі саяси, экономикалық әлеуметтік және нәсілдік тепе-теңдікті қорғауға бағытталған.
Тупак Шакур тарихқа түрмеде отырып альбом шығарған алғашқы адам ретінде енген. Сонымен қоса ол бірқатар фильмдерге де түсіп үлгерген.
Тупак Шакур - естелігіне ескерткіш орнатқан бірінші рэп әншісі[4].