Түбек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түбек[1] — теңізге немесе көлге сұғына орналасқан құрлықтың бөлігі. Түбектер өзінің пайда болуы жөніндө материктік, аралдық болып екі түрге бөлінеді: 1) Материктік түбектерге — Апеннин, Пиреней тағы да басқа түбектер жатады, себебі олар Еуропа материгімен бірдей уақытта пайда болды; 2) Аралдық түбектердің бірі Үндістан түбегі, себебі ол Азия материгі құрылғанда, оның оңтүстігінде орналасқан бөлек құрлық — арал болды; кейінгі геологиялық дәуірлерде ғана ол материкпен жалғасты.