Түркістан Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (басқа аттары Түркістан АКСР, Түркістан Кеңестік Республикасы (ТКР), Автономиялық Түркістан Социалистік Кеңестік Республикасы АТСКР, бастапқыда Түркістан Социалистік Федеративтік Республикасы) — 1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін өмір сүрген РКФСР құрамындағы автономиялы республика.
Quick Facts
Түркістан АКСР РКФСР құрамында болған республика (1918–1924) | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
1922 жылғы Кеңестік Орта Азия | |||||||||
Астанасы | Ташкент | ||||||||
Кіреді | РКФСР | ||||||||
Халқы | 5,221,963 | ||||||||
Басқару формасы | Федерациялы бірпартиялық социалистік республиканың құрамындағы автономия | ||||||||
Орталық Атқару Комитетінің төрағасы | |||||||||
- 1918 | Пётр Кобозев (тұңғыш) | ||||||||
Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы | |||||||||
- ??? – 1924 | Шарустам Исламов (соңғы) | ||||||||
Ұлттық құрамы (1920) | өзбектер (39,3 %), қазақтар (20,8 %), қырғыздар (10,0 %), тәжіктер (7,7 %), түрікмендер (5,1 %), қарақалпақтар (1,4 %), сондай-ақ орыстар, татарлар және басқалары | ||||||||
Close
Халық саны 5 миллионнан асқан. Астанасы — Ташкент қаласы. Басқарушы партиясы — Түркістан коммунистік партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы автономиялы республика болып саналады.