Халифа-түл-Мәсіх
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халифа-түл-Мәсіх (араб.: خليفة المسيح; урду: خلیفہ المسیح; қазақша аудармасы «Мәсіхтің Мұрагері» немесе «Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары»), кейде жәй ғана халиф делінеді, - ол, бүкіл әлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағатының рухани басшысы және Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің ісін жалғастырушы орынбасары болып табылады. Ахмадия Мұсылман Жамағатының сенімі бойынша, Халифа-түл-Мәсіхті Құдайдың өзі таңдайды. Жамағат мүшелері оны «Амирүл-муминин» (яғни, Мүміндердің әміршісі) деп атайды. Қазіргі уақытта Халифа-түл-Мәсіх лауазымы Мырза Масрур Ахмедке тиесілі.
Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның орынбасарлары Ахмадия жамағатын Қадианнан басқарып отырды. 1947 жылға дейін Қадиан елді мекені жамағаттың орталығы болды. Пәкістан мемлекеті құрылған кезде Ахмадия жамағатының орталығы Рабваға ауыстырылды. Рабва қаласы, Пәкістанда, 1948 жылы Ахмадия жамағаты сатып алған жерге жаңадан тұрғызылған қала болатын. 1984 жылы Пәкістан үкіметі №ХХ-ші қаулысын қабылдады, бұл қаулы бойынша Халифа-түл-Мәсіх өз міндетін атқара алмайтын болды. Сол бір заманда Хилафат институтына (яғни, Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһдидің (ісін жалғастыратын) Орынбарлықтың рухани Институтына) қауіп төне бастады. Сол себепті Төртінші Халифа-түл-Мәсіх Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан көшіп, Англияның Лондон қаласына қоныс тепті. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басты орталығы уақытша Лондонға, «Әл-Фазыл» мешіті тұрған жерге ауыстырылды.[1]