Холестерин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή — «өт» және көне грекше: στερεός — «қатты») —— стериндер тобына жататын органикалық зат, химиялық формуласы - C27H46O (10R,13R)-10,13-диметил-17-(6-метилгептан-2-ил)-2,3,4,7,8,9,11,12,14,15,16,17-додекагидро-1H-циклопента[a]фенантрен-3-ол.
Табиғатта кең тараған және ең маңызды стерин. Жасуша мембранасының құрамына енетін жоғары май қышқылдарымен күрделі эфирлер түзеді. Сондықтан жануарлар организмінің барлық жасушаларында[1] әсіресе бүйрек үсті безі, ми, бауыр, жұмыртқаның сарыуызында көп болады.
Қандағы холестериннің қалыпты әдеттегі мөлшері 180—260 миллиграмм (0,18 — 0,26%) болады. Оның көбеюі атеросклероз, ксантоматоз, бауырды май басу, т.б. аурулардың дамуын тездетеді. Холестерин организмдегі өт қышқылының, бүйрек үсті безі гормонының, жыныс гормонының, D3 провитаминінің түзілуіне қатысады, жасуша қабырғасының өткізгіштік қасиетін де реттейді. Холестериннің алмасу процесі бұзылса, холестерин мен оның туындылары қан тамырларының қабырғасына шөгіп (атеросклероз), өтте кристалды холестерин пайда болып, тас байлану процесі жүреді. Холестерин жануарлар майынан алынады.[2]