Шама
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шама[1] — мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі.
- Ұзындық, аудан, салмақ сияқты тағы басқа нақты ұғымдардың жалпылануы нәтижесінде алғашқы шама (скаляр оң шама) ұғымы пайда болды. Шаманың әрбір нақты тегі физикалық денелерді немесе басқа нысандарды салыстырудың белгілі бір әдісіне байланысты;
- бағытталған шамаларды (мысалы, түзуде қарама-қарсы екі бағыты болатын кесінді, жылдамдық) қарастыру нәтижесінде скаляр шаманың жалпы ұғымы (нақты бір сан арқылы сипатталатын нысанды) пайда болды;
- скаляр шамалардың жалпылануы нәтижесінде векторлық шамалар (қ. Векторлық есептеу) мен тензорлық шамалар (қ. Тензорлық есептеу) алынды.