Шағырбидай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шағырбидай (лат. Melica) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қоңыржай аймақтары мен тропика тауларында өсетін 80 түрі белгілі. Қазақстанның далалық жерлерінде, орман шетінде, бұталар арасында өсетін 7 түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 — 90(150) см. Тамыр сабақтары ұзын, сабақтары тік, жалаң, кейде бұдыр болады. Жапырақтарының ені 2 — 6 мм, бұдырлы келеді. Гүлшоғыры жіңішке, көбінесе бір жағына қарай иілген сыпыртқы. Масағы 1 — 3 гүлді, масақ қылтаны екеу, гүл қылтаны қысқа. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Шағырбидай — мал азықтық шөп. Биік Шағырбидайды (M. altіssіma) әсемдік үшін өсіреді.[1]
Quick Facts Шағырбидай, Ғылыми топтастыруы ...
Шағырбидай | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Melica ciliata
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
80 түрі белгілі |
Close