Шербет
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шербеттер - табиғи жеміс-жидек шырындары негізінде (кейде тұнбалардан) дайындалынатын шығыс халықтарының сусыны.
Шербет —
- тосаптан дайындалған салқындатқыш сусын;
- шығыстың жемістен дайындалатын сусыны;
- қою салқындатылған жеміс қою шырыны;
- жемістен немесе кофе, шоколад және қант, жаңғақтан дайындалған тәтті қою тағам.[1]
Шербеттер екі түрлі болады: тәжік шербеті, құрамында табиғи шырын мен қанттың мөлшері жоғары болатын қою шербеттер; әзірбайжан шербеті, шырындарға су және дәмдеуіш пен хош иіс беретін компоненттер және құрамына қанттың мөлшерін аздау қосып дайындалынатын сусындар. Бұл сусындардың дәмі табиғи шырындар дәмінен өзгешелеу болуы мүмкін. Шербеттер салқын күйінде, кейде мұз түйіршіктерін қосып жазғы күндері түскі ас кезінде беріледі.[1]