Шефер Лев Базилевич
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шефер Лев Базилевич (17.5.1927 жылы туған, Украина, Киев қаласы) – медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1974). Киев медициналық институтын бітірген (1951). Шығыс Қазақстан облысында балаларға арналған Туберкулез санаторийінің бас дәрігері (1951–1956), Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1957–1963); 1963 жылдан ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ғылыми еңбектері фтизиатрия мәселелеріне арналған.[1]