Ыза су
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ыза су — жауыннан немесе қар суынан пайда болатын жер асты суы. Бұл су грунт суларынан жоғары жатады, құрғақшылық жылдары жоғалып кетеді де, қыста қатып қалады. Мұны сусыз аудандарда және грунт сулары терең жатқан елдерде ауыз су есебінде пайдаланады.[1] Ыза су - 1) жер бетінен төмен бірінші орналаскан түрақты сулы қабаттағы тегеурінсіз жер асты суы. Ыза судың беті ауамен еркін араласады және оған түсетін қысым атмосфералық қысымға тең болады; 2) жер асты суы, жердің бірінші қабатындағы су сақтағыш горизонт. Жауын-шашынның, суқоймасының, көлдің, каналдың сүзілуінен пайда болатын су.[2]