Эминем
From Wikipedia, the free encyclopedia
III Маршалл Брюс Мэзерс (ағылш. Marshall Bruce Mathers III; 1972 жылы 17 қазанда Сент-Джозеф қаласында Миссури штатында АҚШ дүниеге келген), лақап аты Эминем (ағыл. Eminem; EMINƎM деп жазылады) немесе альтер-эгосы Слим Шейди (ағылш. Slim Shady) арқылы танымал — америкалық рэпер, музыка продюсері, композитор және актер.
Эминем EMINƎM | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Белсенділік жылдары |
1990 — осы уақытқа шейін |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Жанрлары | |
Лақап аты |
Eminem, Slim Shady, Ken Kaniff, Evil, M&M (бұрыңғы) |
Ұжымдары |
D12, Bad Meets Evil, Soul Intent, Outsidaz |
Қызметтес болған |
50 Cent, Dr. Dre, Nate Dogg,Obie Trice Proof, Rihanna, Yelawolf, Xzibit, Skylar Grey, , Snoop Dogg, Jay-Z, Kendrick Lamar, The Notorious B.I.G., Slaughterhouse, Lil Wayne, Sia, Royce da 5'9 |
Марапаттары | |
eminem.com |
Өзінің жеке мансабынан басқа Маршалл сондай-ақ D12 тобында және Bad Meets Evil хип-хоп-дуэтіндегі әртіс ретінде танылады. Эминемнің әндері әлемдегі ең көп сатылатындардың бірі, сондай-ақ 2000 жылдардың ең көп сатылған дискілерімен танымал. Көптеген журналдардың пайымдауынша тарихтағы ең ұлы әншілердің қатарына кіреді, оның ішінде Rolling Stone журналы Эминемге 100 ұлы әртістің ішінен 83 орынға қойған, Осы журнал оны сондай ақ хип-хоптың Королі деп санады. Егер оның студиялық жұмыстарын есептесе, Эминемнің Billboard-тың жоғарғы қатарын алып тұрған 10 альбомы бар. Эминем жеке әртіс ретінде 100 миллионнан астам альбом сата алды.
1996 жылы жеке, тәуелсіз, алғашқы Infinite атты альбомын шығарғаннан кейін, Эминем 1999 жылғы The Slim Shady LP атты альбомы арқылы үлкен танымалдылыққа ие болды. Бұл лонглей Эминемге оның алғашқы, үздік рэп-альбом үшін берілетін Грэмми альбомын жеңуге ықпал етті. Келесі оның The Marshall Mathers LP және The Eminem Show атты альбомдары да Грэмми жүлдесін осы салада жеңіске жетуіне ықпал еткізіп, осыған орай Эминем бұл жүлдені үш рет қатарынан алған алғашқы әртіс атанды. Ал 2004 жылы Encore альбомы шыққаннан кейін, ол шығармашылық үзіліс алады. Бес жыл өткеннен кейін 2009 жылы 19 мамырда Relapse атты альбомды шығарады. 2010 жылы жетінші Recovery атты студиялық альбомы жарық көріп, әлем бойынша үздік атанып, жылдың ең көп сатылған альбомы атанды. Эминем Relapse пен Recovery альбомдарына да Грэмми жүлдесін алды. 2013 жылы 5 қарашада Эминем сегізінші студиялық The Marshall Mathers LP 2 атты альбомын шығарып, тағы да Грэмми жүлдесіне ие болып, мансабындағы 15-ші жүлдені ұтты. 2014 жылы 24 қарашада ShadyXV атты - Shady лейбілінің екінші компиляциясы жарық көрді
Эминем көптеген іске ат салысады, оның менеджері Полом Розенбергмен бірге басқаратын жеке музыка шығаратын лейбілі, сондай-ақ Sirius XM Radio-дағы Shade 45 атты өзіндік радиостанциясы бар. 2002 жылы Эминем жартылайавтобиографиялық «8 Mile» атты хип-хоп драмада түсті. Ол Оскар премиясын фильмге ең үздік ән атты сатысында жеңіске жетіп, бұл жүлдені жеңген алғашқы рэп-әртіс атанды. Сондай-ақ ол «Жуғыш» (2001), «Приколисттер» (2009), «Интервью» (2014) және «Көріктілер» сериалында комеоны ойнады.