Ювал Ноаһ Харари
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ювал Ноаһ Харари (ивр. יובל נח הררי - 1976 жылы 24 ақпанда д.к.) — израильдік тарихшы және Иерусалимдегі Еврей университетіндегі тарих департаментінің профессоры .[1] Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы (2014), Homo Deus: Ертеңнің қысқаша тарихы (2016), сондай-ақ 21 ғасырға 21 сабақ (2018) атты халықаралық бестселлерлердің авторы. Оның еңбектері ерік бостандығы, сана және интеллект тақырыптарын қарастырады.
Ювал Ноаһ Харари | |
יובל נח הררי | |
Ювал Ноаһ Харари Берлинде сұхбатта, "Homo Deus" кітабының неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесерінде. | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Кирият Ата. Израиль |
Азаматтығы |
Израиль |
Ғылыми аясы |
Тарих |
Жұмыс орны |
Иерусалим Еврей университеті |
Альма-матер |
Иерусалим Еврей университеті |
Ғылыми жетекші |
Стивен Дж. Ганн |
Несімен белгілі |
Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы, |
Сайты | |
Қолтаңбасы |
Хараридің алғашқы еңбектері өзі "когнитивті революция" деп сипаттайтын тақырыпты қозғайды. Бұл революция шамамен 50,000 жыл бұрын орын алды: хомо сапиенс өзінің қарсыласы Неандерталдықтарды ығыстырып, тілдесу қабілеті және құрылымды қоғам дамытып, аграрлық революция мен соңғы уақытта үдеген ғылыми әдіснама және негіздеу көмегімен оның ең жоғарғы жыртқыш шыңына көтерілуі адамдарға қоршаған ортаға толықтай дерлік билік жүргізуге мүмкіндік берді.
Оның соңғы кітаптары көбіне ескерту сипатына ие және футуристік биотехнологиялық әлемнің салдарын қарастырады: мұнда саналы биологиялық организмдерді оларды өзі жасаған туындылары озып кетеді; автор былай дейді:"Біз білетін гомо сапиенс бір ғасыр шамасында жоғалады".[2]