Ғасырдың 100 кітабы (Le Monde бойынша)
From Wikipedia, the free encyclopedia
"Ғасырдың 100 кітабы" (фр. Les cent livres du siècle) - француз сатушысы Фнак (Fnac) және Париждің Le Monde газеті 1999 жылдың көктемінде жүргізген сауалнама бойынша ХХ ғасырдағы ең есте қалған жүз кітаптың тізімі.
Сауалнама кітап дүкендері мен журналистер жасаған 200 кітаптың алдын-ала тізімінен басталып, 17000 француз дауыс берушілері "Сіздің есіңізде қандай кітаптар қалды?" (Quels livres sont restés dans votre mémoire?) - деген сұраққа жауап береді.[1]
Бұл тізімге классикалық романдар да, көркем әдебиет те (J Р Р Толкиен, Агата Кристи, А. С. Дойль), сонымен қатар поэзия, драма және реал әдебиет (Фрейдтің зерттеулері және Анна Франктың күнделігі) енген. Сондай-ақ, тізімде комик кітаптар да, мысалы мына бес франкофон сериясының әрқайсысынан бір альбом: Астерикс, Тинтин, Корто Мальтезе, Блейк пен Мортимер және Гастон бар. Тізімдегі француз романдарының көптігі сауалнама жүргізілген топтың демографиясына байланысты болған. (Сол секілді, ағылшын тіліндегі дереккөздермен салыстырылатын тізімдер, мысалы, 1998 жылы шыққан біріне "Замана кітапханасы" басқармасы, ал екіншісіне оқырмандар жауап берген "Замана кітапхананың 100 үздік романы" атты екі тізімде Британдық және Американдық авторлар көп кездеседі. Замана кітапхананың бұл екі тізіміне бейағылшын тіліндегі жұмыстар ұсынылмаған болатын.)