Қазақстан Парламенті Сенатының 6-сайланым депутаттары
From Wikipedia, the free encyclopedia
6-сайланым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурызда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, 7-сайланым Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды[1].
Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2011, 2014 жылдары сайланған, 2011, 2013 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді.
2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті.
2017 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2011 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі 30 маусымда тоқтатылды.
2018 жылғы қазанда Шымкент қаласынан, республикалық маңызы бар қала ретінде, екі Сенат депутатының сайлауы өтті[2].
2019 жылдың 12 тамызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 жаңа сенаторды тағайындап, тағы екі депутаттың өкілеттіктерін ұзартты[3].
2020 жылғы 12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтті.
2020 жылғы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2014 жылғы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі 28 тамызда тоқтатылды.