Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті — Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы құрама командасын реттейтін ұйым. 1990 жылы құрылды. 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.[1]
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті | |
Мүшелік: | |
---|---|
Штаб-пәтері: | |
Ұйым түрі: |
Ұлттық Олимпиадалық комитет |
Басшылары | |
Президент | |
Бас хатшы |
Кюков Андрей Александрович |
Құрылуы | |
Құрылды |
3 ақпан 1990 |
Тіркелді |
1993 |
olympic.kz | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Ортаққорда |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды.
ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады.[2]