Қазақстан әкімшілік бірліктері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы 2023 жылы 1 қаңтар бойынша:
- 20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала;
- 222 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 166 аудан, 38 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан;
- 2349 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кенттік әкімдік, 2177 ауылдық округ әкімдігі, 93 ауыл әкімдігі.
Барлығы Қазақстанда 89 қала, 29 кент, 6295 ауыл бар.