Қысқы Азия ойындары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қысқы Азия ойындары Азия Олимпиялық Кеңесі (АОК) мүше елдері үшін төрт жылда бір өтетін қысқы Олимпиялық ойындар. Жапония ұлттық олимпия комитеті алғашқы рет Азия ойындарының қысқы нұсқасын өткізу идеясын алғашқы рет 1982 жылы ұсынған. Жапония ойы мен талпынысы нәтижесінде Саппоро қаласында 1986 жылы өтті, өйткені қалада Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1972 жарыстарынан қалған жақсы инфрақұрылым болған еді.
Quick Facts Қысқартылуы, Бірінші рет ...
Қысқартылуы | AWG |
---|---|
Бірінші рет | 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткізілді |
Әрбір | 4 жыл сайын өткізіледі |
Соңғы рет | 2017 жылы Жапонияның Саппоро мен Обихиро қалаларында өткізілді |
Мақсаты | Азия құрлығындағы халықтар үшін бірнеше спорттық іс-шара |
Close
Алғашқыды жеті ел қатысқан бұл жарысқа қатысушы елдер саны ылғи өсумен болды: Чанчуңда өткен VІ қысқы Азия ойындарында 45 мүше елдің 27-сі қатысқан, оның үстіне Қысқы Азиада тарихында алғашқы рет 45 елдің ҰОК өздерінің өкілдерін жіберген.