Egov.Press
Қазақстандық петициялар сайты / From Wikipedia, the free encyclopedia
Egov.Press (егов пресс) – 2020 жылы ашылған қазақстандық үкіметтік емес петиция сайты. Жобаны мемлекеттегі петиция институтын дамыту мақсатында Қазақстанның бес азаматы өз қаражатына жасаған. Олар қауіпсіздік мақсатында жеке басын жариялағысы келмейді. Қазақстанда egov.press сайтындағы петициялар қоғамда наразылық туғызу үшін қолданылады, өйткені көтерілген бастамалардың заңды күші жоқ.[1][2][3] Сайттағы алғашқы петиция 2021 жылғы қазанда жарияланған. 2022 жылғы 25 шілде мен 8 қараша аралығында сайтқа 539,7 мыңнан астам адам кірген.[4][5][6][7] Осы уақыт ішінде билік сайтта жарияланған әлеуметтік маңызы бар он петицияның бесеуін ішінара қанағаттандырды.[8]
Egov.Press | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
Жоқ |
Сайттың түрі |
Азаматтық бастама мен петиция жариялауға арналған интернет-ресурс |
Тіл(дер)і | |
Сервердің орналасқан жері | |
Авторы |
Қазақстан Республикасының белгісіз азаматтары |
Ашылған уақыты | |
Қазіргі статусы |
Белсенді |
egov.press және alash.online сайттарында Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы,[9][10] нашақорларды «Метадон» препаратымен емдеуге қарсы,[11] мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, қазақ тілі орталықтарын ашу туралы петициялар[12] әлі де журналдар мен кітаптарда талқылануда.[13]
2022 жылы петиция сайты Қазақстанның аумағында сот шешімімен бұғатталды, содан кейін egov.press сайты alash.online жаңа доменіне көшті.[14]
alash.online сайтында жарияланған петициялар Massaget.kz редакциясының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең танымал бестікке енді.[15] 2022 жылғы 22 қаңтарда сайтта Қазақстандағы оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен петиция пайда болды. Бір күнде бастамаға 20 250 қол жиналып, 2 күннен кейін белгісіз себептермен сайттан жойылды.[16]