KEPD-150/350 TAURUS
From Wikipedia, the free encyclopedia
TAURUS KEPD 350/150 (ағылш. Target Adaptive Unitary & Dispenser Robotic Ubiquity System / Kinetic Energy Penetrating Destroyer)(KEPD – ағылшын тілінен аударғанда «бұзып өтетін кинематикалық энергия» деген мағына береді, таурус- «торпақ» деген сөз) – «әуе-жер» санаты бойынша жасалған, алыс қашықтыққа ұшатын неміс-шведтік авиатциялық зымыраны. Ол биіктіктен көздеп атып, жоғары деңгейде қорғанған, терең жасырынған маңызды нысандарды атып түсіруге арналған. Зымыран-тасымалдаушы қарсыластың әуе шайқасына қарсы қорғаныс аймағына кірмейді. Германияның Шробенхаузен ауданында орналасқан Таурус системс GmbH жасалып, шығарылады. Оны немістік «Даймлер-Бенц аэроспейс» пен шведтік «Сааб Бофорс Динамик» компаниясы бірлесе дайындады.
«Таурус» қанатты зымыраны 1994 жылы авиатциялық кассета DWS39 негізінде жасалды. Оның 24 жарықшақты және шоғырланатын оқ-дәрісі бар болатын. Зымыранды дайындау кезінде щағын қашықтыққа ұшатын «KEPD-150» үлгісі де қаралды. Жеңіл салмақты үлгі шведтік «Грипен» жойғыш ұшақтарын қаруландыруға арналған болатын.[1]