Массачусетс технологиялық институты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Массачусетс технологиялық институты (ағылш. Massachusetts Institute of Technology, MIT) — университет және зерттеу орталығы. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АҚШ мемлекеті, Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан.
Массачусетс технологиялық институты | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | Massachusetts Institute of Technology |
Халықаралық атауы | ағылш. Massachusetts Institute of Technology |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1861 |
Түрі | Университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | АҚШ Кембридж, Массачусетс |
Әкімшілік | |
Президенті | Рафаэль Райф |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 2 980 |
Студенттер | 11,051 |
Бакалавриат | 4 299 |
Сайты | web.mit.edu |
өңдеу |
Массачусетс технологиялық институты әлемдегі атақты университеттерінің алғаш бестігіне кіреді[1]. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен танымал.
2018-жылғы деректер бойынша "Массачусетс Технологиялық Институты" әлемдегі университеттер қатарында бірінші орыннан көрінді. Ол Гарвард, Стэнфорд, Калифорния, Оксфорд, Кэмбридж университеттерін басып озды.