Microsoft Office
From Wikipedia, the free encyclopedia
Microsoft Office — құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, OneNote ескертпелер бағдарламасы, PowerPoint графикалық презентация программалары, OneDrive интернет-сервисі, SharePoint платформасы, Teams байланыс платформасы, Yammer компания аралық ішкі әлеуметтік желісі және Outlook электронды поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар. Құрамындағы бағдарламалардың алдына әдетте MS қойып жазылады.