Modern Talking
From Wikipedia, the free encyclopedia
Modern Talking (ағылшыншадан аудармасы заманауи сөйлеу) - құрамы Томас Андерс пен Дитер Боленнан тұрған, көбінесе ағылшынша ән шырқаған неміс поп дуэті. Топ 1984 жылы құрылып, содан бергі Германияның ең сәтті шығармашылық тобы деп саналып келеді. Топ бірінші рет 1987 жылы тарап кетіп, 1998 - 2003 жылдары аралығында өнер көрсетуін қайта жалғастырған. Соңғы тарап кеткен 2003 жылға дейін 120 миллионға жуық дыбыс тасушысын сатып үлгерген. Ең атақты, әрі кең таралған синглдарының кейбіреулері: "You're My Heart", "You're My Soul", "You Can Win If You Want", "Cheri, Cheri Lady", "Brother Louie", "Atlantis Is Calling (S.O.S. for Love)" және "Geronimo's Cadillac". Дуэт әлемдік поп музыканың дамуына елеулі үлесін қосқан.