Samsung Galaxy S III
From Wikipedia, the free encyclopedia
Samsung Galaxy S III (моделі: GT-i9300) — Samsung Electronics компаниясының Android операциялық жүйесінің негізіндегі коммуникаторы. Samsung Galaxy S III 2012 жылдың флагмандық смартфондарының үштігіне кірді, сонымен қоса оған Apple iPhone 5 және Nokia Lumia 920 да кірді.
Samsung Galaxy S III | |
Samsung Galaxy S III «ақ мәрмәр» түсті | |
Серия |
Samsung Galaxy |
---|---|
Сату датасы |
29 мамыр, 2012 жыл |
Байланысты үлгілер |
Samsung Galaxy S III mini |
Тип | |
Формфактор |
моноблок |
Көлемі |
136,6 × 70,6 × 8,6 мм |
Салмағы |
133 г |
Операциялық жүйе | |
Орталық процессор |
төртядролы Samsung Exynos 4412, тактілік жиілігі 1,4 ГГц |
Графикалық процессор |
Mali-400 MP |
Оперативтік зерде |
1 Гб |
Жады |
16 Гб/32 Гб/64 Гб (флеш-жады) |
Карта жадысы |
microSDXC карта жадысын 64 Гб-қа дейін қолдайды |
Аккумулятор |
Li-Pol (литий-полимерлі) 2100 мА·с |
Экран |
SuperAMOLED (HD SuperAMOLED) типті PenTile схемасындағы кең сенсорлы дисплей.WXGA-мен RGBG-1280x720 пикселді рұқсаты (жақ арақатынасы 16:9), диагоналі 4,8" (120 мм), тығыздығы 306 ppi (дюймнен пиксель) және 16,7 миллион түс қолдайды, қорғаныс шынысы Gorilla Glass 2 |
Камера |
8 мегапиксель, автофокуспен және жарықдиодты жарқылмен бірге |
Алдыңғы камера |
1,9 мегапиксель, автофокуспен |
Интерфейс |
Wi-Fi 802.11a/b/g/n (2,4/5 ГГц) |
Басқа |
он саусаққа дейін бірге басуға болатын Multitouch |
SAR |
0,342 Вт/кг |
Samsung Galaxy S II |
Смартфон 2012 жылдың 3 мамырында Лондонда таныстырылды. 2011 жылдың соңына қарай Samsung Galaxy S III бұқараның көптен күткен смартфонына айналды. Интернетте иілетін дисплейлі, керамикалық корпустан жасалған, 12-мегапикселді камерасы бар деген сыбыстар таралған, алайда ол айтылғандар орындалмады. Смартфон Samsung өндірген Exynos 4412 төртядролы орталық процессорын пайдаланады, дисплейінің диагоналі 4,8 дюймді HD SuperAMOLED[4] , аккумулятор сыйымдылығы 2100 мА·с, 8-мегапиксельді камералы, 1 Гб оперативті жадысы мен жаңа интеллектуалды функциялар орнатылған, мысалы, Samsung-тің өзі жасаған — Smart Stay технологиясы алдыңғы камераның арқасында, дисплейге қараған қолданушының жанарын танып, экранның жарықтығын төмендетпейді және дисплейді құлыптамайды. Сатылымға құрылғының бір-бірінен флеш-жадының көлемі бойынша ажыратылатын үш түрлі нұсқасы шықты: біріншісі 16 Гб флеш-жадылы, екіншісі — 32 Гб, үшіншісі — 64 Гб. Samsung Galaxy S III Samsung Galaxy S II-ның ізашары болып табылады. Ол да Samsung-тың техникалық жағынан жақсартылған алдыңғы флагмандарының бірі болған.[5]