Болгар тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Болгар тілі (болг. български език) — Үнді-Еуропа тіл шоғырындағы славян тілдерінің оңтүстік славян топшасына жататын тіл, болгарлардың ана тілі. Болгария Республикасының ресми тілі. Болгар тілінде кең көлемде көркем және ғылыми әдебиет жазылған. 2014 жылы әлемдегі болгар тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 9 миллион адамды құрады.
болгар тілі | |
Өз атауы: |
български език |
---|---|
Елдер: |
Болгария, Солтүстік Македония, Украина, Сербия, Румыния, Грекия, Түркия, Молдова, Албания, Ресей |
Аймақтар: | |
Ресми күйі: |
Болгария |
Реттейтін мекеме: |
Болгар тілі институты (болг.)қаз. |
Сөйлеушілер саны: |
8 бен 9 миллион аралығында |
Рейтинг: |
86 |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
| |
Жазуы: |
кириллица (болгар алфавиті) |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
бол 115 |
ISO 639-1: |
bg |
ISO 639-2: |
bul |
ISO 639-3: |
bul |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Көптеген славян тілдермен салыстырғанда болгар тілінде септіктер жоғалған десе де болады, есесіне белгілі және белгісіздік артикльдері[2] және де «нөлдік» деп аталатын артикль қолданылады. Болгар тілі мен оған бауырлас македон тілінен өзге славян тілдерінде артикль жоқ.
Лексикасы жағынан болгар тілі шіркеу славян тіліне едәуір жақын және онда әлі күнге дейін шығыс славян тілдерінде архаизм болып саналып кеткен көптеген сөздер бар. Тарихи себептерге байланысты болгар тілінде түркі тектес сөздер де көп кездеседі. Орыс және болгар лексикондарының ұқсастығына шіркеу әсер еткен, ал стилистикалық тұрғыдан болгар тілі серб, хорват және македон тілдеріне әлдеқайда жақын.