Жас Әртіс Марапаты
киножүлде / From Wikipedia, the free encyclopedia
«Жас Әртіс» Марапаты (ағылш. Young Artist Awards) — 1978 жылы құрылған коммерциялық емес «Жас Әртіс Қорының» (ағылш. Young Artist Foundation) талантты жас телевидение және кинематограф актерлер мен актрисаларға және олардың жоғарғы мәртебесін құрметтеу және физикалық мүмкіндігі шектеулі немесе материалдық жағынан жас әртістерге қолдау көрсету үшін берілетін марапат.[1][2][3][4]
Жас Әртіс | |
---|---|
Шынайы атауы | ағылш. Young Artist Award |
Мемлекет | АҚШ |
Сайты | http://www.youngartistawards.org/ |
Алғаш рет Жас Әртіс Марапаты 1979 жылы ұсынылған, бұл 18 жасқа дейінгі әртістердің кино, телевидение, театр және музыка саласындағы үлестерін ерекше мойындау және марапаттау үшін құрылған алғашқы ұйым болған.[5][6]
Алғашқы жиырма жылда бұл марапат «Youth In Film Awards» деп аталған. Ал «Young Artist Awards» деген атау алғаш рет 19 наурыз 2000 жылы, 21-ші марапаттау рәсімінде қолданылды.[7]
1-ші марапаттау рәсімі 1979 жылдың қазан айында, Голливудтағы Sheraton Universal Hotel қонақ үйінде өтті.[8][9][10]