Родий
From Wikipedia, the free encyclopedia
Родий (латын. Rhodіum; Rh) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 45, атомдық массасы 102,905; платиндық металдарға жатады. Көгілдір, күміс түсті, сынғыш, баяу балқитын, қатты металл; тығыздығы 12,44 г/см3, балқу t 2020ӘС, қайнау t 3727ӘС. Кристалдық торы қырлары орталықтандырылған куб тәрізді. Табиғатта бір тұрақты изотопы (103Rh) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 1107%. Родийді 1804 ж. ағылшын химигі У.Х. Волластон (1766 — 1828) ашты.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Күміс - ақ қатты металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Родий, 45 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
9, 5, d | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Kr] 4d8 5s1 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 16, 1 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
134 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
142±7 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+3e)68 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
2,28 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
+0,8 | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
−3, −1, 0, +1, +2, +3, +4, +5, +6 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 719.7 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
12,41 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
1963°C | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
3727°C | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
21,8 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
494 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
24,95 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
текше бетке бағытталған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
a=3,803 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
480 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 150 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
380 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
150 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.26 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
6.0 | ||||||||||||||
Виккерс қаттылығы |
1100–8000 МПа | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
980–1350 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-16-6 |
Тотығу дәрежесі +3, сирек жағдайларда +1, +2, +4, +6, химиялық инертті. Қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп, суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін кристалл (Rh2O3) түзеді; галогендермен 200 — 600ӘС-та реакцияға түсіп, суда нашар еритін тұздар (RhF3, RhCl3, RhBr3, RhІ3) түзеді. Родийдің нитраты мен сульфаты суда жақсы ериді. Родийді алу үшін платина аффинажының өнімдеріндегі [Rh(NH3)3Cl3]-ті инертті газ ағынында қыздырып, бөлінген кеуекті Родийді HCl-мен шайып, 900ӘС-та сутекпен металл Родийге дейін тотықсыздандырады. Физикалық қасиетіне байланысты Родий вискоза және шыны талшықтар өндірісінде фильер жасауда, катализатор ретінде, прожектор мен рефлекторлардың айналарына сақтандырғыш пленка дайындауда қолданылады. Платинародийлік терможұп Халықаралық температуралық шкалада стандарт болып саналады.