Тоби Магуайр
америкалық актер / From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоби Магуайр (ағылш. Tobey Maguire, [ˈtʰoʊbɪ mæɡˈwɑːɪər], 27 маусым 1975 жыл, Калифорния, АҚШ) — америкалық актёр, фильм продюсері. Магуайр Сэм Рэймидің «Өрмекші-адам» трилогиясында (2002–2007) басты кейіпкердің рөлін сомдағаны үшін белгілі.
Тоби Магуайр | |
ағылш. Tobey Maguire | |
Магуайр 2014 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Тобиас Винсент Магуайр (ағылш. Tobias Vincent Maguire) |
Туған күні | |
Туған жері |
Санта-Моника, Лос-Анджелес округі, Калифорния, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
актер, фильм продюсері |
Белсенді жылдары |
1989– |
IMDb |
Магуайр мансабын фильмдердегі қосалқы рөлдерден бастады: Бұл ұлдың өмірі (1993), Лас-Вегастағы қорқыныш пен жек көру (1998) сынды фильмдер. Басты рөл ойнаған фильмдер қатарында Плезантвиль (1998), Шарапшылар ережесі (1999), Фаворит (2003), Жақсы неміс (2006), Ағайындылар (2009), Ұлы Гэтсби (2013) және Пешканы құрбан ету (2014) сияқты фильмдер бар.
Магуайр «Ағайындылар» фильміндегі «драмалық фильмдегі үздік актёр» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығын алды (2009). Ол 2012 жылы Material Pictures деп аталатын жеке продюсерлік компаниясын құрды және Жақсы адамдар (2012), Пешканы құрбан ету (2014) және Вавилон (2022) фильмдерін бірлесіп шығарды.[1][2]