Финляндия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Финляндия (Фин және швед тілдеріндегі ел атауының дыбысталуы (ақп.) фин. Suomi, швед. Finland; ресми атауы Финляндия Республикасы, фин. Suomen tasavalta, швед. Republiken Finland) — Еуропаның солтүстігінде орналасқан мемлекет. 2020 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 5 574 802 адамды құрап отыр, жер аумағы — 338 430,53 км². Әлем бойынша халық саны бойынша 115-ші, жер бойынша 64-ші орында тұр.
Финляндия Республикасы фин. Suomen tasavalta швед. Republiken Finland | |||||
| |||||
Әнұран: «Maamme / Vårt land» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 6 желтоқсан 1917 (РКФСР-ден) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | фин, швед тілдері, саам тілі (аймақтық) | ||||
Елорда | Хельсинки | ||||
Ірі қалалары | Хельсинки, Эспоо, Тампере, Вантаа, Турку | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Парламент спикері |
Саули Нийнистё Санна Марин Матти Ванханен | ||||
Мемлекеттік діні | лютерандық және православие | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 64-ші орын 338 424 км² 10 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2018) • Тығыздығы |
▲ 5 521 158[1] адам (114-ші) 5 517 919[2] адам 16 адам/км² (213-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
257 млрд.[3] $ (60-шы) 46,559[3] $ (24-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
277 млрд.[3] $ (43-ші) 50,068[3] $ (14-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,925[4] (өте жоғары) (12-ші) | ||||
Этнохороним | финдік, финдер | ||||
Валютасы | еуро (EUR, код 978) (2002 жылға дейін — фин маркасы) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | FI | ||||
ХОК коды | FIN | ||||
Телефон коды | +358 | ||||
Уақыт белдеулері | EET (UTC+2, жазда — UTC+3) |
Астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки. Мемлекеттік тілдері — фин және швед тілдері. Аланд аралдарда швед тілі, ал солтүстікте саам тілдері кең тараған.
Парламенттік-президенттік республика. 5 ақпан 2012 жылдан бастап президент Саули Нийнистё елді басқарады. Солтүстік паспорт одағы (1952), Солтүстік кеңес (1956), Еуропа одағы (1995) және Шенген келісімі (1996) сынды одақтарға мүше. 6 желтоқсан 1917 жылдан бастап тәуелсіз ел болып саналады.
Шығысында Ресеймен, солтүстік-батыста — Швециямен және солтүстікте — Норвегиямен шектеседі. Елдің оңтүстік пен батыс жағалаулары Балтық теңізі мен Фин және Ботния шығанақтары шайып жатыр. Эстониямен теңіз арқылы шектеседі.
2010 жылы Newsweek журналы бойынша Финляндия «Әлемнің үздік елдері» (ағылш. The world's best countries)[5] тізімі бойынша бірінші орында болған, ал 2011-2014 жылдар аралығында америкалық «Fund for Peace» қоры елді «Әлемдегі ең тұрақты мемлекет» ретінде бағалаған.