Өзбекстандағы президент сайлауы (2023)
From Wikipedia, the free encyclopedia
2023 жылдың 8 мамыр күні Мирзиёев елде кезектен тыс президент сайлаудың сол жылдың 9 шілде күні жүргізілетінін жариялады.[1] Президенттің өзінің сөзі бойынша, одан әрі реформалар жүргізу үшін жаңа конституция бойынша жаңа мандат қажет болғасын сайлау кезектен тыс болды.[2] Сайлау нәтижесінде Шавкат Мирзиёев қайта сайланып, президенттігін жалғастырды.[3][4]
| ||||||||||||||
2023 жылғы Өзбекстандағы президент сайлауы | ||||||||||||||
9 шілде 2023 | ||||||||||||||
Кандидаттар | 4 | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Шавкат Мирзиёев – ӨзЛиДеП/ӨҰЖДП | ||||||||||||||
87,05 % |
||||||||||||||
Робахон Махмудова – ӘСДП | ||||||||||||||
4,43 % |
||||||||||||||
Алынған орын | 2 | |||||||||||||
Улуғбек Иноятов – ХДП | ||||||||||||||
4,02 % |
||||||||||||||
Алынған орын | 3 | |||||||||||||
Абдушукур Хамзаев – Экологиялық партия | ||||||||||||||
3,74 % |
||||||||||||||
Алынған орын | 4 | |||||||||||||
Өзбекстан президенті | ||||||||||||||
Босатушы | Сайланған | |||||||||||||
Шавкат Мирзиёев Партиясыз |
Шавкат Мирзиёев Партиясыз | |||||||||||||
өңдеу |
Батыстық БАҚ-тар сол жылдың референдумы мен сайлаудың кезектен тыс болуы Мирзиёевтың өз билігін ұзартуға жүргізілген жоспары деп санайды.[5] Сол жылы жасалған реформа бойынша президенттің бір мерзімі 7 жылға созылған еді.[2]
Оппозициялық және батыстық дереккөздер «сайлауда нағыз бәсеке болмайтыны» және өзбекстандық саяси жүйеде оппозицияның жоқтығымен байланысты Мирзиёевтың жеңісі анық болды.[5][6] «Мирзиёев реформасы үлкен өзгеріссіз болды, шынайы қарсыластар сайлаудан шеттетіледі» деген айыптар салынды, Мирзиёев жайлы «өзіне сын айтпайтын үш кандидатқа қарсы жеңуге дайындалып жатыр» деп те делінеді.[6]
Сайлау нәтижесінде ресми дерек бойынша Шавкат Мирзиёев дауыс санының 87,05% жинап, қайта сайланды. Оған ең жақын дауыс санын жинаған (4,43%) үміткер Әділет социал-демократиялық партиясының Робахон Махмудова еді.[3][4]