Nirvana
From Wikipedia, the free encyclopedia
Nirvana — америкалық рок топ. Топты 1987 жылы Вашингтон штатының Абердин қаласында, вокалист және гитарист Курт Кобейн мен басист Крист Новоселич құрды. Топ құрамында бірнеше барабаншы ауысты; бәрінен көбірек топпен бірге Дэйв Грол болды, ол топқа 1990 жылы қосылды.
Nirvana | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры |
гранж, альтернатив рок[1] |
Белсенділік жылдары | |
Мемлекет | |
Қайдан |
Абердин, Вашингтон |
Өлеңдерінің тілдері | |
Лейблі |
Sub Pop Records |
Топ құрамы |
Курт Кобейн |
Бұрынғы қатысушылары |
Аарон Буркхард |
Басқа да жобалары |
Eyes Adrift |
nirvana.com |
1989 жылы Nirvana Sub Pop инди-лейблінде өздерінің алғашқы Bleach альбомын шығарып, Сиэтл музыка сахнасының бір бөлігіне айналды. DGC Records лейблімен шарт жасасқаннан кейін Nirvana өздерінің Nevermind атты екінші альбомына кіретін «Smells Like Teen Spirit» әнімен танымал болды. Нәтижесінде Nirvana музыкальдік мейнстримге кіріп, альтернативті роктың гранж атты жанрын көпшілікке тараты. Курт Кобейн БАҚ алдында тек музыкант ретінде ғана емес, сонымен қатар өз замандастарының дауысы ретінде танылды, ал Nirvana «X ұрпағының» флагманына айналды.[2]. 1993 жылы топтың үшінші және соңғы студиялық альбомы - In Utero жарыққа шықты, бұл альбом композициялары музыкалық жағынан топтың бұрынғы шығармаларына қарағанда өзгеше болды.
Топтың қысқа әрі жарқынды тарихы 1994 жылы 5 сәуірде Курт Кобейннің өлімінен кейін тоқтады, алайда кейінгі жылдары топтың танымалдылығы тек өсе берді. Кобейннің өлімінен ертеректе топ жазып жатқан «You Know You’re Right» әнінің деможазбасы 2002 жылы әлемдік хит-парадтарда алдыңғы орындарға ие болды. Алғашқы альбомы шыққан кезден бастап Nirvana жазбалары АҚШ-та 25 миллион және әлемде 50 миллион данамен сатылған болатын.[3][4].