Анемохория
From Wikipedia, the free encyclopedia
Анемохория (гр. anemos - жел, сhоrео — таратамын) — өсімдік тұқымдарының жел арқылы таралуы; өсімдіктердің (спора, тұқым, жеміс) жел арқылы таралуы.
Споралы өсімдіктердің және саңырауқұлақтардың басты таралу әдісі. Жабық тұқымдыларда жемісі мен тұқымдары кеңістікке желдің көмегімен таралатындарға: көкбұғалар, орхидея, сұмқұла, алмұртшөптер, күрделігүлділер және күреңоттар тұқымдастары және т.б. жатады.[1]
Анемохория жаңа немесе бұзылған жерде өсетін өсімдік түрлерінде кең таралған. Мысалы, күрделі- гүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің (қалуен, тікенқурай, зиягүл, т.б.) тұқымдары түкпен (бақбақта парашют тәрізді болып келеді) қапталған. Ол тұқымның ауада қалықтап ұшып, едәуір қашықтыққа таралуын жеңілдетеді. Түктер үйеңкі (үйеңкі, көктерек) және шайқурай тұқымдарында дамыған. Терек тұқымы терек мамығын түзетіні белгілі. Дала және шөл өсімдіктерінің анемохориясына мысал ретінде шашақбас қаңбақты келтіруге болады.[2]