Астана Арландары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана арландары (Astana Arlans) — Дүниежүзiлiк бокс сериясы шеңберінде өнер көрсететін алматылық (Астанада алғашқы екі маусым Астанада негізделген) Қазақстан бокс клубы. Астанада 2013 жылдың 10-11 мамыр күндері өткен Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесі финалында "Украина атамандары" командасын ұтып, чемпион атанды.[1]
Қазақстандық "Астана Арландары" Қазақстан Бокс Федерациясының жеке меншігінде. Ал Қазақстан Бокс Федерациясы болса, Қазақстандағы Ұлттық Спорттың басқарушы органы болып табылады. Ал Арлан деген атау, еркек қаскырдың атауы яғни, еркек қасқыр, қасқырлар тобырының басы ретінде, әрі ақылдылығы, күштілігі жане батырлығының арқасында мыңдаған жылдыр бойы Көшпенді халықтардың құрметіне ие болған жыртқыш аң. Бұл команда, өз ісіне ден бере кіріскен шеберлердің , яғни, Басқарушы Директор Болат Мәнкенов және Бас Жаттықтырушы Сергей Корчынскийдің қол астында. Бұл команда, Мемлекеттің жеке меншігіндегі газ және мұнай өндірісімен айналысатын ҚазМұнайГаз және KEGOC компанияларының спонсорлығында.[2]
Арландар, сондай- ақ nur.kz және sports.kz сияқты медия партнерлер және көптеген спорт және басқа да сауықтыруға негізделген ұлттық интернет порталдарымен бірлесе жұмыс жүргізеді.
Екінші кезеңнің (Season 2)бастапқы кезеңінің финалистерінің бірі WSB-дің екі дүркін Дүние жүзілік чемпионы атанған Итталияның Найзағайы (Thander) командасының үздіктерінің бірі Сергей Деревянченконы осы жазда Арландар өз командасының қатарына ауысуына мұрындық болды.
Команданың жалпы құрамы 9 елден келген 32 интернационал боксшыдан құралған Арландардың 2013 жылы өздерін өте жақсы қырынан көрсетүге барлық мүмкіндіктері бар.
Бас Бапкер Сергей Корчынский, бұған дейін Ресей жасөспірімдер командасында Николай Хромовтың басқаруымен екі жыл жаттықтырушы қызметін, кейін Украинаның Олимпиядалық Бокс командасындасында, одан кейін Италияда Ұлттық команда мен Италияндық Найзағай командаларының ортасында бапкерлік қызметін атқарған. Осы жылдан бастап, Арландардың бас бапкері ретінде Арландардың басқа да бапкерлері: Бейбіт Ессжанов (Қазақстан), Олег Ковальчук (Қазақстан), Виктор Демьяненко (Қазақстан) және Leonard Pijertajпен (Хорватия) бірлесе жұмыс атқаратын болады.
2010 жылдан бері (2012 жылға дейін Астанада негізделген) өнер көрсетеді.