Дүниежүзiлiк бокс сериясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүкiләлемдiк бокс сериясы – АИБА басшыларының жаңадан 2010 жылы ашқан жобасы. Бұл жобада әлемнiң он екi командасы кәсiпқой бокстан өз өнерлерiн сарапқа салады. Осыған байланысты Қазақстанда “ Астана Арландары” атты команда дүниеге келдi. Командалар келесі салмақ дәрежелерде өнер көрсетеді 54, 61, 73, 85 және 91+ кг. Жекпе-жектер бес салмақ дәрежесінде үш минуттан бес раунд өтетін болып бекітілді. Сонымен қатар осы сындарға қатысатын әр елдің құрамасының сапында, кем дегенде, екі легионерден болуы шарт. Боксшылар еш бас қорғауынсыз кәсіпқой бокс форматымен өнер көрсетеді.