Ибраһим (Османлы сұлтаны)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ибраһим (осман. ابراهيم — İbrâhîm; 5 қараша 1615 — 12 тамыз 1648) — Османлы мемлекетінің 18-ші сұлтаны, Ислам халифатының 83-ші халифі.
Quick Facts Лауазымы, (Лақап аты Ашушаң Ибраһим) ...
Ибраһим осман. ابراهيم — İbrâhîm Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
9 ақпан 1640 — 8 тамыз 1648 | |||
(Лақап аты Ашушаң Ибраһим) | |||
Регент | Көсем сұлтан (9 ақпан 1640 — желтоқсан 1647) | ||
Ізашары | IV Мұрат | ||
Ізбасары | IV Мехмет | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 5 қараша 1615 (1615-11-05) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 12 тамыз 1648 (1648-08-12) (32 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | I Мұстафа мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Ахмет | ||
Анасы | Көсем сұлтан | ||
Жұбайы | Тұрхан Қадиша сұлтан Салиха Дилашуб сұлтан Қадиша Муаззез сұлтан Хүмашаһ сұлтан Айша сұлтан Сашбақты сұлтан Махиәнуар сұлтан Шиуекяр сұлтан Зафира сұлтан | ||
Балалары | Ұлдары: IV Мехмет II Сүлеймен II Ахмет Мұрат шаһзада Сәлім шаһзада Осман шаһзада Баязит шаһзада Жиһангир шаһзада Орхан шаһзада Қыздары: Үммігүлсім сұлтан Фатима сұлтан Пейкан сұлтан Гауһархан сұлтан Қая сұлтан Бейхан сұлтан Әтике сұлтан Айша сұлтан Бижан сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Close
Ибраһим сұлтанатында османлылар Крит аралын жаулап алды, бірақ одан маңыздырақ жаулауларға қол жеткізе алмады. Сұлтан телі болды, және билік анасының қолында болды. Көсем сұлтанның мемлекеттік істерде дұрыс шешімдер қабылдауына қарамастан, османлыларға сол кезде әскери қуат керек болды. Сонымен қатар османлыларға ғибрат бола алатын қуатты билеуші қажет еді. Бірақ қыз қуып жүрген Ибраһим әскердің лайықты қолбасшысы да, мемлекеттің қуатты билеушісі де бола алмады.