IV Мұрат
From Wikipedia, the free encyclopedia
IV Мұрат (осман. مراد رابع — Murâd-ı râbi; 27 шілде 1612 — 8 ақпан 1640) — Османлы мемлекетінің 17-ші сұлтаны, Ислам халифатының 82-ші халифі, қолбасшы, сазгер.
IV Мұрат осман. مراد رابع — Murâd-ı râbi Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
10 қыркүйек 1623 — 9 ақпан 1640 | |||
(Лақап аты Бағдат жаулаушысы IV Мұрат) | |||
Регент | Көсем сұлтан (10 қыркүйек 1623 — 20 мамыр 1632) | ||
Ізашары | I Мұстафа | ||
Ізбасары | Ибраһим | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Қолбасшы, сазгер | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 27 шілде 1612 (1612-07-27) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 8 ақпан 1640 (1640-02-08) (27 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | I Ахмет мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Ахмет | ||
Анасы | Көсем сұлтан | ||
Жұбайы | Айша сұлтан | ||
Балалары | Ұлдары: Ахмет шаһзада Сүлеймен шаһзада Мехмет шаһзада Алаеддін шаһзада Қыздары: Гауһархан сұлтан Сафие сұлтан Рүкие сұлтан Ісміхан Қая сұлтан Айша сұлтан Хафса сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
IV Мұрат Ортаққорда | |||
өңдеу |
Бұл сұлтанның тұсында ішкі төңкерістерден әлсіреген Османлы мемлекеті қайта қалпына келе бастады. Елдің жалпы ыдырауы тоқтатылды. 1632 жылы Көсем сұлтанның регенттігінен шыққан IV Мұрат қазыларды, жаңа шеріктерді, сыпайларды және қара халықты жинап, Ашық дуан өткізді. Сол дуанда ол зорбалаңдардың көздерін құрту үшін қазылармен және әскермен бірікті. Содан соң әскердің күшімен көптеген заңбұзушыларды қатал жазаларға тарты, қуғын-сүргінге ұшыратты. Соның арқасында әскер күшейді, кофеханалар жабылды, сот жаңартпасы жасалды, темекі мен апиын қолдануға тыйым салынды, елдің табысы ұлғайды, мемлекеттік қазына толды, жер иеленудегі зорлық тоқтады, диқаншылық құтқарылды.
Бейбіт заманда IV Мұрат мешіттер мен медреселердің құрылысын құптады. Сұлтанның қолдауына ие болған ғылым мен өнер адамдары көп болды, соның ішінде: энциклопедист Кәтіп шелеби, тұңғыш жасанды қанаттарды құрастырып, сол қанаттарда алғашқы рет ұшқан өнертапқыш-ғалым Хезарфен Ахмет шелеби, тарихшы-ғалым әрі саяхатшы Әулие шелеби, алғашқы зымыран құрастырған өнертапқыш-ғалым Лагари Хасан шелеби, Хасан шелеби, дінтанушы, шейх-үл-ислам Зәкәриязада Жақия әпенді, ақын Нефи.