Моаи
From Wikipedia, the free encyclopedia
Моаи (i/ˈmoʊ.aɪ/, ис. moái, Рапа Нуи тілінде moꞌai сөзі "мүсін, әулиетас, идол" мағынасын білдіреді) — Полинезия шығысындағы Пасха аралында Рапа Нуи халқы 1250 - 1500 жж аралығында қашап жасаған 900 шақты монолитті адам фигуралары.[1] Олардың жартысына жуығы негізгі моай алаңы болған Рано Раракуда орналасса, жүздегені сол жерден тасымалданып, аралдың периметрі бойымен Аху (ahu) деп аталатын тасты платформаларға орнатылған. Барлық дерлік моаилар үлкен басты болып, басы бүкіл мүсіннің сегізден үш бөлігін құрайды. Моаи негізінен киелі ата-бабалардың (aringa ora ata tepuna) тірі бейнесі (aringa ora).[2] 1722 жылы еуропалықтар алғаш Пасха аралына жетіп барғанда моаи мүсіндері өз әулет жерлерінде тігіліп қарап тұрған еді.
900-ден астам мүсіннің[3] жасалуы мен тасымалдануы керемет жаратымпаздық және еңбекқор ерлік деуге болады.[4] Паро (Paro) деп аталатын ең биік Моайдың биіктігі 10 метр, салмағы 82 тонна.[5][6] Ең ауры есептелетін Аху Тонгарикидегі (Ahu Tongariki) қысқа, бірақ жұмыр моаидың салмағы 86 тонна. Ал аяқталмаған бір мүсіннің ұзындығы 21 м, салмағы 145–165 тонна.[7] ХІIIVғ аяғы мен XIXғ басында Моаи құлатылады, оны Еуропа отаршылдары қиратқан немесе аралдағы ішкі тайпалық соғыстар салдарынан құлаған деп болжайды.[8]