Рано Рараку
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рано Рараку — Чилидегі Пасха аралындағы Рапа Нуи ұлттық саябағындағы Тереваканың төменгі баурайында орналасқан, біріккен (consolidated) жанартау күлінен, яғни туфтан пайда болған жанартау кратері. Бұл жер шамамен ХІІІVғ дейін 500 жыл бойы жұмыс істеген тасалаңы (карьер) болып, аралдағы әйгілі монолитті мүсіндер - Моаидың 95%-дан артық тасын қамдаған. Рано Рараку - бұл сақталған 887 моаи дизайнының лексикасы мен технологиялық жаңашылдығының көрнекі жазбасы. Рано Рараку Әлемдік мұра тізіміне енген Рапа Нуи ұлттық паркіне орналасқан және оның аты парктің жеті бөлігінің біріне берілген.