Украиндар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Украиндар (укр. украї́нці) — шығыс славяндар тобына кіретін ұлт, Еуропаның жетінші ең ірі этникалық тобы және орыстардан кейін екінші ең ірі славян халқы. Украинаның негізгі халқы (37 400 000). Тағы Ресей (2 000 000), Канада (1 300 000), Польша (1 200 000), АҚШ (1 000 000), Бразилия (500 000–1 000 000), Қазақстан (387 000), Аргентина (300 000), Молдавия (181 000), Беларусь (160 000), Қырғызстан (100 000), Өзбекстан (124 000) мемлекеттерінде тұрады.
Украиндар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
45 000 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Украина |
37 351 112 (27.12.2023) |
Ресей |
1 927 988 (2010) |
Канада |
1 251 170 (2011) |
Бразилия |
500 000 – 1 000 000 |
АҚШ |
976 314 (2009) |
Қазақстан |
387 327 (2021) |
Аргентина |
300 000 |
Тілдері | |
Діні | |
18-ші ғасырда ресейліктер берген украиндықтар (краина – яғни алыс шет сөзінен) атауы бекіген. Сонымен қатар козак (казак) - көшпелі казактардың (қазақтардан) этимологиясы, олардан әскери еріктілік өмір салтын алған (казак –деген «еркін, бос» деген мағынада). Бұнымен қоса әскери ақсүйектер казак-қыпшақтардан (Киев Русінің славян-түрік кангломераты) құрылған. Сонымен қоса әзілдеп хохол (кейбір ғалымдардың пікірі бойынша «көк, тәңірі», көк түрік деген мағына білдіреді) деп атаған.
Ескі есімдер: рустар, русындар, казактар, украин казактар, черкастар.