Қырғызстан
Орталық Азияда орналасқан мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырғызстан (қыр. Кыргызстан), ресми Қырғыз Республикасы (қыр. Кыргыз Республикасы) — Орталық Азияда орналасқан таулы, мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Астанасы және ең ірі қаласы – 624 мың адам тұратын Бішкек қаласы. Халқы 7 037 590 адам.[5] Халқының көпшілігі қырғыздар (72,6%), басқа ұлт өкілдері ішінен орыстар (6,4%), өзбектер (14,5%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүңгендер, т.б. бар. Жер аумағы 199,5 мың км2-ге тең. Конституциясы бойынша Президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып келеді. Заң шығарушы органы — бірпалаталы Жогорку Кеңеш атты парламенті. Ресми тілдері: қырғызша және орысша. Ұлттық мерекесі — 31 тамыз, Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі — сом.
Аумақтың аумағы 199 951 км² құрайды. Ол әлем бойынша 85-орынға ие, ТМД елдерінің арасында 7-орын, 140-інші орын - ЖІӨ бойынша PPP және 111-орында.
Әкімшілік-аумақтық мағынада ол 7 облысқа және республикалық маңызы бар 2 қалаға (Бішкек және Ош) бөлінген. Экономикалық-географиялық жағынан Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қырғызстан деп бөлінеді.