Apple Inc.
From Wikipedia, the free encyclopedia
Apple Inc. (ˌæp(ə)lˌɪŋk, қаз. Әппл) — дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания[2]. Бас штаб пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында орналасқан.
Apple Inc. | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Компанияның ұраны |
Think Different |
Құрылды |
1 сәуір 1976; 48 жыл бұрын (1976-04-01) |
Құрушы | |
Орналасуы |
АҚШ, Купертино |
Басты адамдары | |
Саласы | |
Өнімі |
дербес компьютер, планшет, ұялы телефон, аудиоплеер |
Меншікті капиталы |
▼ 63,1 млрд $ (2021) |
Айналым |
▲ 366 млрд $ (2021) |
Операциялық кірісі |
▲ 109 млрд $ (2021) |
Таза табыс |
▲ 94,7 млрд $ (2021) |
Активтер |
▲ 351 млрд $ (25 қыркүйек 2021) |
Капитализация |
▲ 2,47 трлн $ (24 тамыз 2021) |
Қызметкерлер саны |
▲ 154 000 адам (2021) |
Аудитор | |
Сайты |
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған.
1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.