Теміртау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Теміртау — қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау — республикадағы ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.
Қала | |||
Теміртау | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | ||
Статусы |
Облыстық маңызы бар қала | ||
Облысы | |||
Әкімі |
Ораз Қайсаұлы Таурбеков | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°04′ с. е. 72°58′ ш. б.50.067° с. е. 72.967° ш. б. / 50.067; 72.967 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1909 | ||
Бұрынғы атаулары |
Самаркандский | ||
Қала статусы |
1945 | ||
Жер аумағы |
296,1 км² | ||
Климаты |
қатаң-континенталды | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
171 890[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
орыстар (51,36 %) | ||
Этнохороним |
теміртаулық | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7213 | ||
Пошта индексі |
101400 | ||
Автомобиль коды |
09 | ||
Теміртау қаласының әкімдігі | |||
Ортаққордағы санаты: Теміртау |
Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.