Холокост
From Wikipedia, the free encyclopedia
Холокост (ағылш. The Holocaust, грек. ὁλοκαύστος — «барлығын өртеу»[~ 1]) немесе Шоа (ивр. השואה — «апат») — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа еврейлері мен басқа да ұлттарға қарсы жүргізілген геноцид. 1941 және 1945 жылдар аралығында нацистік Германия және оның коллаборанттары жүргізген саясаты бойынша неміс отары тараған Еуропада 6 миллионнан астам еврей қаза тапты[2][~ 2].
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Quick Facts Дата, Орны ...
Холокост | |
Мажарстан еврейлерінің Освенцим лагерінің газ камераларына апарылуы, 1994 | |
Дата | 1941–1945 |
---|---|
Орны | Нацистік Германия және Екінші дүниежүзілік соғыс барысында онымен жауланған территориялар |
Сондай-ақ белгілі | Шоа (השואה) |
Түрі | геноцид, депортация, қырғын |
Мақсат | еврейлер, славяндар, сығандар, саяси диссиденттер |
Ұйымдастырған | Нацистік Германия |
Қатысушылар | 200,000 адам |
Шығын | |
Өлім | 6 миллионға жуық адам |
өңдеу |
Close
Кең мағынада — нацистердің нәсілшілдік саясаты бойынша әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтарға қарсы (кеңестік әскерлер, поляктар, еврейлер, сығандар, гомосексуалды ерлер, масондар, күдер үзген науқастар және т.б.) жүргізілген геноцид[4][5]. Нәтижесінде Еуропа яһудилерінің үштен екісі қайтыс болды.[6]